12 жыл тығылып жүрген. 13 түрлі қылмысқа қатысы бар алаяқ ұсталды

Әлихан Асқақ

Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД-ның криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтықтың 13 эпизодын жасаған Р. есімді күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

ЖАЛҒАН ҚҰЖАТ

2012 жылы маусымда күдікті Көкшетау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсету сылтауымен алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде ақшаны заңсыз иемденген.

12 жыл бойы күдікті басқа атпен жасырынып, жалған құжаттарды қолданған.

ЖАЗА

Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды.

Жасалған қылмыс үшін күдіктінің мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.