Шапалақпен тартып жіберген: Ақмола облысында оқушы мұғалімнен таяқ жеген

Ілияс Бақыт

Ақмола облысы Қабанбай батыр ауылындағы мектепте шу шықты. Мұндағы еңбек пәнінің мұғалімі сабақта сегізінші сынып оқушысын ұрған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Видеодан скриншот

Мұғалімнің ашуын тудырған оқушының күлкісі болып шықты. Яғни сабақ тыныштығын бұзған оқушысын ол осылай тәртіпке келтірмек болған.

“БҰЛ БІРІНШІ РЕТ ЕМЕС” ДЕЙДІ

Роликтің авторы мұғалім бірнеше жыл бойы оқушыларға қол көтеріп келе жатқанын айтады. Бірақ оның бұл әрекетіне ешкім тоқтау сала алар дейді оқушылар.

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ НЕ ДЕЙДІ

Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны тергеу үшін жұмыс тобын құру туралы бұйрық шығарған. Топқа Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің өкілдері, тәрбие жұмысы және балалардың құқықтарын қорғау мамандары кірді.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушы мұғалімнің бірнеше ескертуіне қарамастан, сабақ барысында күліп, сабаққа кедергі келтігені", — деп түсіндірді білім басқармасы.

МҰҒАЛІМНІҢ ЖАЗАСЫ

Сот процесінің нәтижесінде мұғалімге қатаң сөгіс жарияланды, бірақ жұмыстан шығарылмады. Білім басқармасы тергеу аяқталғаннан кейін толығырақ ақпарат беруге уәде етті.