Шымкентте үндістандық екі студенттің мәйіті табылды

Қалижан Бектемір

Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен үндістандық 21 және 22 жастағы екі студенттің денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Otyrar/видеодан скрин

Оtyrar.kz сайтының жазуынша, марқұм болғандар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 2-курсында оқиды. Олар әл-Фараби ауданындағы пәтерді үш шетелдік студентпен бірге жалға алып тұрған.

Алғашында екі жігіт табиғи газдан уланып қайтыс болуы мүмкін деген болжам жасалған. Себебі пәтер ішінде газбен су жылытқыш және ас үй пеші болған. Бірақ арнайы мамандар газ құрылғысынан ешқандай ақау таппаған. Аталған фактіні қалалық ТЖД растады.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жасөспірімді таяқпен ұрған ЖШС күзетшісі үш жылға сотталды