Автобустан құлаған кондуктор сол жерде қаза болды

Әлихан Асқақ

Алматы маңындағы ауылдар арасында жүретін автобустан құлаған кондуктор оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Оқиға 18 қыркүйек күні түс ауа болған.

Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен жүретін маршруттық автобустың кондукторы салоннан құлап қалғаны анықталды. Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Бұл факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.