Бұл жолы «Хезболла» қарулы тобы мүшелерінің қолындағы рациялардың күлі көкке ұшқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Рейтердің» хабарлауынша, оқиға Бейрут пен оңтүстіктікте болған. 20 адам қаза тауып, 450-і жараланды.
Мұның алдында Ливанда пейджерлер жарылған еді. Одан 12 адам мерт болып, 3 мыңға жуығы зардап шеккен.
Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, байланыс құралдарына бірнеше ай бұрын Израильдің «Моссад» агенттері жарылғыш зат салған.
Ресми Тель-Авив оны мойындамай отыр.