Еурокомиссия Украинаға тағы 35 млрд еуро бермекші

Әлихан Асқақ

Киевте сапармен жүрген Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ Украинаға ресейлік активтерден түскен кірістен Украинаға 35 миллиард еуро өтелетін несие беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

НЕСИЕ

Бұл G7 елдерімен бұрын келісілген 50 миллиард долларлық несиенің көп бөлігіне тең.

Ресейдің үздіксіз шабуылдары Украина ЕО-ның қолдауына мұқтаж екенін білдіреді. Еурокомиссия Украинаға G7 міндеттемелері аясында 35 миллиард еуро көлемінде несие береді. Бұл ЕО-ның Украинаны қалпына келтіруге қосқан тағы бір маңызды үлесі, - деп жазды фон дер Лейен X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында.

РЕСЕЙ АКТИВТЕРІ

Бұған дейін Еурокомиссия, егер ЕО және G7 елдері Украинаға жыл соңына дейін осындай несие беруге ниетті болса, ЕК Украинаға бұған дейін G7 елдерімен келісілген 50 миллиард доллар көлеміндегі несие аясында Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін кірісті өтеу арқылы несие беру туралы ұсыныс дайындап жатыр.

Естеріңізде болса, бұған дейін Еурокомиссия қысқа дайындық үшін Украинаға 160 млн еуро беретіні туралы айтылған болатын