Ауыр дертке шалдыққан танымал актер қолдау білдірген халқына алғысын айтты

Сырым Қаржас

"Рэкетир" фильміндегі басты рөлдердің бірін сомдаған актер Мұрат Бисембин қолдау білдіріп жатқан отандастарына алғыс айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншот

– Сәлем. Баршаңызға көп рақмет айтқым келеді. Сіздерге тек жақсылық тілеймін. Сіздерге, отбасыларыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рақмет! Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін. Ауырмаңыздар, мен де тезірек жазылуға тырысамын, – деді Мұрат Бисенбин.

Актердің қатерлі ісікке шалдыққанын әріптесі Саят Исембаев хабарлаған еді.

- Сіздерден көмек керек. Әріптесіміз ауыр дертке шалдықты. Онкология. Қазір емделіп жатыр. Рухы жанышталған жоқ, – дейді Саят Исембаев.

Актерға көмек көрсетем дегендер + 77022221170 (Мурат Б) Каспий банк нөмірі арқылы ақша аудара алады.

Екі актер түскен “Рэкетир” фильмі екі мыңыншы жылдардың басында көп қаралған фильм. Туынды тоқсаныншы жылдары криминалдық топтарда болған жігіттердің өмірін баян етеді.