Wildberries кеңсесіндегі атыс: екі адам тұтқындалды

Ілияс Бақыт

Wildberries кеңсесіндегі атыс қатысушылары 15 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖИ

Мәскеудегі Тверь аудандық соты Рашид Кодзоев пен Адам Чапановты полиция қызметкерінің заңды бұйрығына бағынбағаны үшін Ресей Федерациясы Әкімшілік кодексінің 19.3-бабы бойынша кінәлі деп таныды.

Wildberries компаниясының кеңсесінде болған оқиғаға қатысушылардың екеуі де 15 күнге қамауға алынды.

НЕ ЖАҒДАЙ

Естеріңізге сала кетейік Ресейдегі Wildberries кеңсесінде атыс болған. Үш адам зардап шекті. Желіде тараған бейнеден бір топ ер адам ғимаратқа басып кіруге тырысқанын көруге болады. Бірақ күзетшілер оларға кіруге тыйым салады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, атыстан кейін 30-ға жуық адам ұсталған.

КҮЙЕУІН КІНӘЛАДЫ

Wildberries маркетплейсінің негізін қалаушы және бас директоры Татьяна Бакальчук компанияның Мәскеудегі кеңсесіндегі атыстан кейін күйеуіне эмоционалды бейне жолдады

Бейне оның Telegram арнасында жарияланды.

"Біздің кеңсеге қарулы адамдар басып кірді, атыс басталды. Жас қызметкерлер қаза тапты. Владислав, сен не істеп жатырсың? Мұны ата-анаңызға, біздің балаларымызға қалай түсіндіре аласыз? Сіз бұған қалай бара аласыз? Жағдайдың осы абсурдқа жетуіне қалай жол бердіңіз?"- деді Бакаьлчук көз жасын әрең ұстап.

WILDBERRIES ТУРАЛЫ 

Wildberries – ресейлік маркетплейс. Оның негізін 2004 жылы Владислав пен Татьяна Бакальчук қалаған. Ресейде, Беларуссияда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Арменияда, Израильде, Түркияда, Өзбекстанда және Әзербайжанда жұмыс істейді. Ресейдің 2016-2020 жылдардағы ең ірі интернет-дүкені.

18 тамызда Wildberries басшысы Татьяна Бакалчук күйеуімен ажырасудың себебін айтып, олардың некелері жұбайының абьюзивті мінез-құлқына және оның жиі үйде болмауына байланысты мәселелермен көлеңкеде қалғанын айтты.