Түркістан облысында сотталғандар бүлік шығарды

Қалижан Бектемір

Түркістан облысы ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, түзеу мекемесіндегі кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ПОЛИЦЕЙ ЖАРАҚАТ АЛДЫ

20 қыркүйек күні кешке сотталғандар электр трансформаторын өртеп жіберген.

Тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері мен бір полиция қызметкері жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

ҚАЖД МӘЛІМДЕМЕСІ

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Мекеме әкімшілігінің қоғамнан оқшаулануды қамтамасыз ететін заңды талаптарына топтық түрде бағынбау, топтық бағынбауға қатысу, күш қолдану, өзіне қасақана зиян келтіру арқылы басқа да ауыр зардаптарға әкелу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.