Алматыда тағы бір оқушы қыз 13-қабаттан секіріп кетті

Қалижан Бектемір

Алматыда 12 жастағы жасөспірім қыз 13-қабаттан құлап, қаза болғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Белгілі болғандай, қыз бала қосымша тапсырмаларын орындау үшін үйінен шығып кеткен, бірақ қосымшаға барудың орнына 13-қабатқа көтерілген.

Алматы қалалық Полиция департаменті қыз баланың көз жұмғанын растады.

Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себеп пен мән-жайлар белгіленеді, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«КӨК КИТ» ОЙЫНЫН ОЙНАҒАН БА

Сондай-ақ полицейлер қайтыс болған қыз баланың қауіпті «Көк кит» ойынын ойнағаны туралы интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қауіпті ойын ойнаған балалардың ата-анасы жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде қайтыс болған баланың қауіпті ойындар ойнағаны және өзіне-өзі қол жұмсау туралы жазба қалдырғаны ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Алматы қаласының полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді және ресми дереккөздерден алынған деректерді басшылыққа алуға шақырады, - деді баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматыда тұрғын үй шатырынан құлап қаза тапқан қос қыздың өліміне байланысты пікір білдірген болатын.

БҰҒАН ДЕЙІН

Алматыда екі оқушы қыз 8 қабатты үйде құлақ қаза тапқан. Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеген.

КІМНІҢ ҚЫЗЫ

Қайтыс болған қыздардың бірі эко-сарапшы Евгений Мұхамеджановтың қызы екені анықталды. Евгений Мұхамеджанов — Қазақстандағы танымал эко-сарапшы, ECO Network жобасының негізін қалаушы және азаматтық белсенді.