Ақмола облысында көкжөтелмен ауыратындар саны 7 есеге өскен

Қалижан Бектемір

Ақмола облысында көкжөтелмен ауыратындар саны күрт өсіп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ЕКПЕ АЛМАҒАНДАР МА

Санитарлық дәрігерлер мұндай көрсеткіштерді балаларға жоспарлы екпе жасатудан бас тартумен байланыстырады. Қазір облыста ауруды жұқтырудың 62 жағдайы тіркелсе, оның 41-і ресми түрде расталды.

ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ

Науқастардың 83% екпе алмағандар, оның 55% екпеден бас тартқандар. Медициналық жеңілдіктерге байланысты жеті бала екпе алмаған. Көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге және пента және гексавакцинді вирустық гепатитке қарсы егу жұмыстарының көрсеткіші 62% құрайды. Бұл ДДСҰ ұсынған қажетті көрсеткіштерге жетпейді, – дейді облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Еске салсақ, Қызылорда облысында вакцинаға қарсы ата-аналар көбейгенін жазған болатынбыз. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы қызылша мен көкжөтел ауруларының жағдайы туралы хабарлаған еді.