Алматы қаласының Медеу ауданы №2 сотының үкімімен ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы қаласының Медеу ауданы №2 сотының үкімімен ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының карантинді, өсімдіктерді қорғау және фитосанитариялық бақылау бекеттерін мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы И.Кандыбаев (ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 4-тармақтары) 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды», - деп хабарлады агенттіктен.
Қандыбаев Алматы қаласының кәсіпкерлерін ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша (өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартамын деп бірнеше рет бопсалап, пара алу күдігіне ілінген.