«Сүйіктім жанымда, бақыттымын!»: Динара Сәтжан Валерий Меладзамен түскен фотосын жариялады

Қалижан Бектемір

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің туған күнінде ресейлік продюсер Валерий Меладзамен бірге түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Сүйікті ер адамым жанымда, - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Фотодан Халық әртісі Бибігүл Төлегенованы да көруге болады.

Менің 42-ші туған күнім Алматы әуежайында керемет жандармен басталды. Өмір бойы жанымда мейірімді, аяулы, сүйікті адамдарым болғаны үшін Аллаға сансыз шүкіршілік етемін. Менің отбасым! Менің жақындарым! Менің командам! Тек сүйікті ер адамым жетіспеген еді. Бүгін ол менің жанымда және мен бақыттымын! - деп жазды тележүргізуші.