Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты биіктен құлап, қаза болды

Қалижан Бектемір

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабатынан ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлап, қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ҰҚК

МАРҚҰМ 19 ЖАСТА БОЛҒАН

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болды. Болжам бойынша, марқұм 19 жаста.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Армиядағы өлім қашан тоқтайды, мырзалар?!» әскерде көз жұмған сарбаздар саны жайлы

Аталған факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталу үстінде, – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бүгін Алматыда ҰҚК Шекара академиясы аумағынан адам сүйектері табылғанын жазған болатынбыз.

Кеше Петропавлда келісім шарт бойынша әскери қызметкер өзіне қол салған

Сондай-ақ күні кеше Аягөзде әскери қызметкер суицид жасады.

АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ

Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Бірнеше күн бұрын «Оймаша» полигонында оққа ұшқан әкенің «жалғыз ұлымнан айырылдым» деп шырылдаған үні бүкіл қоғамды тағы дүр сілкіндіріп, осы үрейді үдете түскен. Ал бірер күн бұрын Қорғаныс министрлігіне қарасты Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімінде жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды.