«Ұл ма, қыз ба?»: Мейрамбек Бесбаевтың әйелі сүйінші сұрады

Қалижан Бектемір

Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың жұбайы Мархабат Бесбаева әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: instagram.com/marhabat.besbaeva

Ол аман-есен босанғанын жазды.

Ал сүйінші менің құрметті оқырмандарым!
Мен аман-есен босандым. Аллаға шүкір.
Кім босанды деп ойлайсыздар? - деп жазған ол.

Бұл отбасының үшінші перзенті.

МЕЙРАМБЕК БЕСБАЕВ

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев 1976 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданында туған. Әнші, термеші, Музарт тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. 

Жұбайы - Мархабат. Қазіргі таңда қыз бен ұл тәрбиелеуде.

Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебіне ауысады.

1994-98 жж. Т. Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алады. Алғаш кәсіби жолын «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен бастайды.

1997 жылы қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. Жастайынан ән салып, халыққа танымал болды. Оның репертуарында Кенен Әзірбаевтың, Алтынбек Қоразбаевтың ("Бозторғай", "Кеш жарық", "Шаш-баулым", т.б.), Нұрғиса Тілендиевтің "Өз елім", т.б. қазақ композиторларының әндері бар. 

2002-2007 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген.

2010 жылы Баян Алагөзованың продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода өз-өзін сомдаған.