«Төрт бөлімнен тұрады». Украина жасаған «Жеңіс жоспарының» егжей-тегжейі белгілі бола бастады

Ғалиасқар Думан

Британиялық Times газеті Украинаның АҚШ президенті Джо Байденге көрсеткелі отырған «Жеңіс жоспарының» мазмұны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Times

Times мәліметінше, Владимир Зеленский Джо Байденге ұсынатын жоспар негізгі төрт бөлімнен тұрады.

- батыстың ел қауіпсіздігіне кепіл болуы туралы, НАТО-ға мүшелікке өту жағдайында бірлесе қорғану туралы өтініш;

- аумақтық мүмкіндік ретінде Украинаның Ресейдегі Курск облысына шабуылын жалғастыру;

- белгілі бір заманауи қаруларды беру туралы өтініш;

- Украинаның қираған экономикасы үшін халықаралық қаржылық көмек.

Зеленский Байденмен кездескенге дейін жоспардың мәнін толық айтпайтынын айтып, жоспарды Байденнен бөлек президенттікке үміткер қос кандидатқа да көрсететінін жеткізген.

Сондай-ақ Зеленский Байденнен президент сайлауында Дональд Трамп жеңсе, Украинаны тиімсіз бейбітшілік келісіміне мәжбүрлемейтін «қауіпсіздік кепілін» талап етпек.