6 жасар қызға шабуыл жасаған. Талдықорғанда педофилге іздеу жарияланды

Әлихан Асқақ

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның 6 жастағы қыз баланы подъезге кіргізіп, қорламақ болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр. 

КӨРШІЛЕР КӨРГЕН

Оқиға 22 қыркүйекте болған. Подъезде қыз баланың шалбарын шешкелі жатқан жерінде пәтерлерінен шыққан көршілер көріп қалған. Ер адам баланы тастап, қашып кеткен.

ПОЛИЦИЯ РАСТАДЫ

Полиция балаға шабуыл жасалғанын растады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні іздеуге жеке құрам түгел жұмылдырылды. Тыныштық сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Іс полиция департаментінің бақылауында, - деп хабарлады Жетісу облысының Полиция департаменті.