Гаагада Ресейге қарсы сот отырысы басталды

Ілияс Бақыт

Дүйсенбі, 23 қыркүйекте Нидерландының Гаага қаласында БҰҰ теңіз Конвенциясын бұзу туралы ісі бойынша Ресейге қарсы сот басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  

Фото: РАПСИ

ТӨРЕЛІК СОТ

Гаагадағы Халықаралық төрелік сот дүйсенбіде Украинаның Ресейге қарсы бастамасымен 2016 жылы Қара теңіздегі, Азов теңізіндегі және Керчь бұғазындағы жағалаудағы мемлекеттердің құқықтары туралы сот отырысын бастады. 

СОТТА НЕ ҚАРАЛДЫ

Төрелік сот Украинаның Қырым көпірін салу кезінде Ресейдің экологиялық стандарттарды сақтамауына, суасты кабельдері мен құбырларын салуға, көпірдің Азов-Керчь акваториясындағы кеме қатынасына әсеріне, Ресейдің Киевке тиесілі бұрғылау платформаларын пайдалануына, Қырым жағалауындағы Қара теңізде табылған археологиялық және тарихи нысандардың сақталуына қатысты талаптарын қарастырады деп күтілуде. 

Дүйсенбіде екі делегация - Ресей мен Украина да кіріспе мәлімдеме жасайды. 

Бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот Путинді тұтқындауға санкция берген. Себеп – украиндықтарды заңсыз депортациялау.

ГААГА СОТЫ

Гаага халықаралық қылмыстық соты геноцид, әскери және адамзатқа қарсы қылмыс жасаған тұлғаларды тергейді. Оны Еуропаның, Латын Американың көптеген елдері мойындайды. АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан секілді ірі елдер мойындамайды. Гаага сотының шешімі жүрмейтін елдер арасында Қазақстан да бар. Өйткені Қазақстан халықаралық соттың құрылтайшы құжаты болып саналатын Рим сатутын ратификацияламаған.