G7 Украинаға алыс қашықтыққа жететін зымырандар беру мәселесін талқыламақ

Айнель Аянова

БҰҰ Бас ассамблеясы аясында "үлкен жетілік" елдерінің сыртқы істер министрлері Украинаға алыс қашықтыққа жететін зымырандар жеткізу, Ресей аумағындағы әскери нысандарға соққы жасауға рұхсат беру мәселесін талқыламақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Жозеп Боррель/Фото: Geert Vanden Wijngaert/AP/dpa/picture alliance

Бұл туралы ЕО-ның бас дипломаты Жозеп Боррель мәлім етті.

БАТЫСТЫҢ РҰХСАТЫ

Deutsche Welle басылымының ақпаратынша, Боррель Тегеран қанша жоққа шығарса да Ресей Ираннан алыс қашықтыққа жететін зымырандар алып отырғанын айтады.

Киев одақтастарынан алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды қолдануға рұхсатқа қол жеткізуге барын салып жатыр. Егер рұхсат берілсе, онда Украина батыс зымырандарын өзінің аумағына ұшып шығып жатқан Ресейдің әскери әуе базаларын атқылауға қолдануды көздеп отыр.

АҚШ ПЕН БРИТАНИЯНЫҢ ҚҰПИЯ ЖОСПАРЫ

The Times жарияланған ақпаратқа қарағанда АҚШ пен Ұлыбритания алыс қашықтыққа ұшатын Storm Shadow зымырандарын Ресей аумағына соққы жасау үшін қолдануға жария емес келісім беруі мүмкін. Басылым дерегінше, Вашингтон мен Лондон рұхсат туралы келісімді зымырандардың алғашқы соққысы жасаларға дейін құпия ұстауға әзір. Бұл “Мәскеуге “күтпеген элемент” әсерін сақтау үшін маңызды” делінген хабарламада.

ТЕГЕРАНҒА ЖАУАП

АҚШ пен Британияның алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды қолданбау туралы шектеуді алып тастауына, Тегеранның Мәскеуге ықтималды зымыран беруі себеп болған. Иранның әрекетіне наразылық ретінде Франция, Германия және Ұлыбритания жаң санкция енгізген. Десе де Иран Ресейге қару жеткізгенін терістеп отыр.