Бағасы асқақтаған антибиотиктер: қазақстандықтар қанша теңгеге дәрі алған

Ілияс Бақыт

Қаңтарда азитромициннің бағасы 17,9% - ға өсті, ал ақпанда "Флемоксин Солютаб" препараты 21,2% - ға қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

АНТИБИОТИКТЕР ҚЫМБАТТАҒАН

2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда антибиотиктердің, әсіресе азитромициннің және "Флемоксин Солютаб" препаратының айтарлықтай қымбаттауы байқалады. Бұл деректерді Energyprom жариялады. 

Қаңтарда азитромициннің бағасы 17,9%-ға өсіп, ал ақпанда "Флемоксин Солютаб" 21,2%-ға қымбаттаған. Жалпы дәрі-дәрмектер арасында осы антибиотиктердің бағасы күрт көтерілген. 

"Фармацевтикалық өнімдер бағасының жалпы көтерілу статистикасын ескере отырып, антибиотиктер өткен жылы басқа дәрілерге қарағанда айтарлықтай қымбаттағанын атап өтуге болады. Парацетамолдың құны бір жыл ішінде 30% - дан астамға өсті", - делінген хабарламада.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАНШАҒА ДӘРІ САТЫП АЛҒАН

Қазақстандағы фармацевтикалық өнімнің бөлшек сауда нарығы 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында заттай мәнде 8,1% - ға және ақшалай баламада 21,6% - ға өскенін көрсетті. Қазақстандықтар 326,5 млрд теңге сомасына 253 млн қаптама препарат сатып алған.