«Суицид пе?»: Almaty Management University студентінің мәйіті табылды

Қалижан Бектемір

Алматыда Almaty Management University студенті қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ЖОО ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы Менеджмент университетінің басшылығы марқұмның жақындарына көңіл айтып, оның отбасына қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Almaty Management University студентіміздің қайғылы қазасы туралы терең күйзеліспен хабарлайды. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Университет барлық қажетті қолдауды көрсетіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға көмектеседі, – делінген хабарламада.

Бұған дейін сержант Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында суицид жасағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ 18 жастағы жігіт Алматыдағы Әуезов ауданындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен еді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бірер күн бұрын Алматыда 12 жастағы жасөспірім қыз 13-қабаттан секіріп өзіне қол салған. Оның алдында екі оқушы қыз 8 қабаттан секіріп мерт болған еді. Жасөспірімдердің суицидін өзіне қол салуға итермелейтін қауіпті ойындармен байланыстырып жатқандар бар. Алайда бұл нұсқа ресми расталмады. Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасып жатыр.