Енді кешкі уақытта бас ауырып, балтыр сыздаған жағдайларға жедел жәрдем келмейтін болады

Ғалиасқар Думан

Қазақстанда жедел медициналық жәрдем көрсету ережелеріне айтарлықтай өзгеріс енгізілгелі жатыр. Енді барлық бригада барлық науқастарға тәулік бойы бара бермейді. Себеп – қаржыға келіп тіреледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Ашық НҚА сайтында енгізілгелі отырған өзгерістер жобасын жариялады. Оған сай, арнайы бригада түнгі уақытта жеделдігі жөнінен 4-санатқа жататын шақыруларға бармайтын болады.

ОЛ ҚАНДАЙ САНАТТАР

Жобада шақыруларды жағдайдың жеделдігіне қарай санаттарға бөлу көзделген.

  1. Жеделдіктің 1 санаты – шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін өмірге тікелей қатер төндіретін жағдай; Бригада 10 минут аралығында келеді.
  2. Жеделдіктің 2 санаты – медициналық көмек көрсетусіз өмірге ықтимал қатер төндіретін жағдай; Бригада 15 минутқа дейін келеді.
  3. Жеделдіктің 3 санаты – медициналық көмек көрсетусіз денсаулыққа ықтимал қатер төндіретін жағдай: Бригада 30 минутқа дейін келеді.
  4. Жеделдіктің 4 санаты – пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған созылмалы аурудың шиеленісуінен туындаған жағдай. Жедел жәрдем бригадасы мұндай шақыруларға кестеге сай барады.

4 САНАТҚА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Енді жедел бригада 4 санаттағы шақыруларға тек жұмыс сағаттарында барады:

  • Дүйсенбі-жұма: 08:00-18:00 аралығы;
  • Сенбі: 08:00-12:00 аралығы
  • Жексенбі: демалыс

Осылайша, тәулік бойғы қызмет тек адам өміріне қауіп төндіретін аса шұғыл жағдайларда ғана көрсетілмек.

СЕБЕБІ

Министрлік мұндай қадамға қаржы жетіспеушілігінен барып отырғанын айтады. Қазіргі тариф тәуліік бойы істейтін бригадалардың шығынан жаппай, қарызға кіргізіп жіберген.

Бұйрық жобасы қоғамдық талқылауға 8 қазанға дейін ұсынылып отыр.