Ақпарат министрлігі Дуровты қолдайды

Әлихан Асқақ

Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуровтың мессенджер ережелерін бұзған пайдаланушылардың IP мекенжайлары мен телефон нөмірлері ашылатыны туралы мәлімдемесіне қатысты ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫ ҚОЛДАЙМЫЗ”

Telegram желісі басшысының айтуынша, тек қылмыстық контенттерді таратушының жеке мәліметтері берілуі мүмкін. Заңсыз контенттердің алдын алу және пайдаланушылардың құқығын қорғау мақсатында біз бұл жаңашылдықты қолдаймыз. Біз тек Telegram желісімен ғана емес, басқа да әлеуметтік желілер басшылығымен тығыз жұмыс жасауды жалғастырамыз. Әсіресе тәуекел тудыратын балаларға қатысты заңсыз контенттердің таралуы маңызды болып отыр, - деп жауап берді Қанат Ысқақов Astana Media Week іс-шарасы барысында БАҚ өкілдері сауалына.

ҚҰПИЯЛЫҚ САЯСАТЫ КҮШЕЙЕДІ

Бұған дейін Telegram өзінің құпиялылық саясатын күшейтетіні, қызмет ережелерін бұзған пайдаланушылардың IP мекенжайлары мен телефон нөмірлерін ашатыны хабарланған. Павел Дуровтың айтуынша, Telegram қолданбадағы іздеу қауіпсіздігін жақсарту үшін шаралар қабылдаған, бірақ кейбір пайдаланушылар бұл мүмкіндікті заңсыз тауарларды сату арқылы теріс пайдаланып жатыр. 

ДУРОВ ІСІ

 

Еске сала кетсек, 26 тамызда Париж прокуратурасы Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа айып тағылғанын хабарлады. Іс 8 шілдеде ашылған, онда «аты белгісіз адамға» қатысты 12 қылмыстық іс бар. Тағайындалған айыптардың ішінде билік органдарымен ынтымақтастықтан бас тарту, кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттерін иелену және таратуға қатысу, сондай-ақ есірткі құралдарын сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға, өткізуге немесе беруге қатысу және т.б.

Арада бірнеше күн өткенде пайдаланушылардың құпиялылығын қорғау принципін ұстанып танымал болған Павел Дуров француз құқық қорғау органдарына деректерді ұсына бастады. Бұл өзгеріс Дуровтың өзін ұстағаннан кейін болды, бұл оны Telegram-ды күдікті пайдаланушыларды анықтау үшін ақпарат бере отырып, күш құрылымдарымен байланыс орнатуға мәжбүр етті.