Курьер "халал" асханаға шошқаның етін апарып бергенін айтты

Әлихан Асқақ

Қазнетте курьердің Алматыдағы колледждердің бірінің ғимаратында орналасқан асханаға шошқа етін жеткізіп бердім деген видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

“ХАЛАЛ” ШОШҚА ЕТІ

Оның айтуынша, студенттерге халал ет ретінде шошқа еті беріледі. Видеода ер адам өзін халал мекемеге жатқызатын колледж ғимаратындағы асханаға шошқа еті салынған пакеттерді әкеліп бергенін айтады.

Курьер ет әкелген ғимарат маңдайшасында Алматы көпсалалы техникалық-экономикалық колледжі деп жазылған.

ЖАБЫЛЫП ҚАЛҒАН

Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі видеода айтылған оқу орны бұрынғы жекеменшік колледж екенін, ол 2016 жылы жабылып қалғанын айтқан.

“Тамақ” асханасы

Видеодағы ер адам етті “Тамақ” асханасына жеткізгенін, оның маңдайшасында халал деген жазу тұрғанын атап өткен. Асхана есігі көшеге қарап тұрғындықтан одан тек ғимаратта істейтін адамдар ғана емес, ары-бері өтіп жатқан адамдар да дәм татуы мүмкін. 2ГИС қосымшасы аталған ғимаратта “Тамақ” асханасынан бөлек тағы 22 мекеме істейтінін көрсетеді.