Өзін ақтауды сұраған Ағабеков сот шешімін өзгерте алмады

Сырым Қаржас

Тоғыз жылға сотталған Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының бұрынғы басшысы Олжас Ағабековтың ісі бойынша апелляция шешімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Сотталушының қорғаушылары үкіммен келіспей апелляциялық шағым түсіріп, оны ақтауды сұраған.

"Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды", - деп хабарлады сотта. 

Сот актісі заңды күшіне енді.

Үкім

Тамыз айының басында судья Бақытжан Есенов Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының бұрынғы басшысының ісі бойынша үкім шығарған. Олжас Ағабеков колонияда тоғыз жыл жазасын өтейді. Ол «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-ның Дубай қаласында (БАӘ) экологиялық іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалпы сомасы 121,6 млн теңгені жымқырғаны, өзіне және орынбасарына 2022 жыл үшін 8 млн теңгеден астам сыйақы жаздырып алғаны үшін айыпталған.

Бұған дейін экололия министрі Ерлан Нысанбаев Олжас Ағабековтың ісі жөнінде пікір білдірген еді.