Қашаған 38 күнге жұмысын тоқтатады

Әлихан Асқақ

Қашаған кен орнындағы күрделі жөндеуге байланысты кешен 38 күн бойы жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, осы аралықта Қазақстан газдан тарықпайды.

Қашағандағы күрделі жөндеуге байланысты мұнай мен газ алу 38 күнтізбелік күнге тоқтайды деген жоспар бар. Бұл аралық Қазақстан Республикасының Газ балансында есептелген. Егер осы мерзім ішінде ішкі нарыққа газ жетпей жатса, оны көрші елдерден аламыз, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар дереккөз Қазақстан Қытай Халық Республикасының алдындағы газ экспорттауға қатысты міндеттерін толық орындап қойған.

Кешеннің жөндеу жұмыстары 3 қазаннан басталады.