Оралда бастауыш мұғалімін өлтірген күдіктіге үкім шықты

Ілияс Бақыт

Сотталушыға кісі өлтіру, ұрлық, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін айып тағылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

ӨЛІМГЕ ҰЛАСҚАН ЖАНЖАЛ

Соттың мәліметінше, биыл сәуір айында Орал қаласында ер адам мұғалімге компьютерін жөндеуге келген. Олардың арасында жанжал болып, ол әйелді тұншықтырып өлтіріп, содан кейін мойнына пышақ салған.

КЕТЕРІНДЕ ҚҰР ҚОЛ КЕТПЕГЕН

Қаза тапқан адамның пәтерінен кетіп бара жатып, ол алтын бұйымдарды, әмиянды, ұялы телефонды және жәбірленушінің ақшасын 1,7 млн теңге ақшасын алып кеткен. 

Сонымен қатар, ер адам үйінде заңсыз мылтық сақтағаны да тергеу барысында анықталған. 

КІНӘСІН МОЙЫНДАМАДЫ

Сот отырысы кезінде сотталушы мұғалімнің заттарын өлтіргені және ұрлағаны үшін кінәсін мойындамады және оны ақтауды сұрады. 

ҮКІМІ ҚАНДАЙ БОЛДЫ

Сот сотталушыны кінәлі деп тауып,12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Жәбірленушінің (мұғалімнің қызының) талабы ішінара қанағаттандырылды, сотталушыдан 1,8 млн теңге материалдық залал және 10 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАРАП КЕЛІСПЕДІ

Мұғалімнің қызы сот шешімімен келіспеді. Ол жазаны тым жұмсақ деп санайды.