БҰҰ мінберінде Гаити басшысы ыңғайсыз жағдайда қалды

Сырым Қаржас

Гаити президенттік өтпелі кеңесінің төрағасы Эдгар Лебланк Филь БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде ыңғайсыз жағдайда қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншотс

Гаити көшбасшысы мінберде сөз сөйлеп тұрып, графиннен су ішпек болған. Филь мінберден стақан таппай, графиннен тіке су іше салғысы келеді. Графиннен сусын ішуге тырысып тұрған кезінде су костюміне төгіліп кетті, бірақ ол ұялмай, аузын сүртіп, сөзін жалғастыра берді.

Өз сөзінде Филь 1825 жылы Гаити тәуелсіздігін мойындағаны үшін Францияға қомақты сома төлеуге мәжбүр болғанын еске түсірді, бұл елді ол жағдай "кедейліктің қатал циклына" әкелген. Ол Францияны моральдық және тарихи қарызды мойындауға, сондай-ақ Гаити халқына "әділетсіз өткеннің көрінбейтін бұғауларынан" құтылуға мүмкіндік беретін қажетті өтемақы шараларын өтеуге шақырды.

БҰҰ штаб-пәтерінде "Жақсырақ ертең үшін керекті көпжақты шешімдер" тақырыбында Болашақ саммиті өткен. Оған Қазақстан атынан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған делегация қатысты.