Қазақстандықтар Цукербергке хат жаудырып жатыр

Ulysmedia

Цукербергтің әлеуметтік желідегі парағында жарияланған Марк пен оның жұбайының суретінің астына қазақстандықтар көптеген пікір қалдыруда. Бұған себеп – мәжіліс депутаттары ұсынған еліміздегі әлеуметтік желілер және мессенджерлер филиалдарын міндетті тіркеу туралы норма, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Instagram /@zuck

Қазақстандықтар Цукербергті елімізге шақырып, әзілдеп, пікірлер жазып жатыр. Кейбіреулер жеке кәсіпкерлік және ЖШС ашуға көмек ұсынып, сол үшін «жекеге жазыңыз» деп сұрауда. Қазір Марк пен оның жұбайының суретінің астында 73 мың пікір жиналған.

Отандастарымыз барынша тапқырлық танытып, көп лайк жинауға тырысып, жарысып жатыр. Олар Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушысы жазғандарын байқап, пікір қалдырар деген үмітте.