Еуроодақ Ливан мен Израильдің әуе кеңістігінен ұшпауға кеңес берді

Сырым Қаржас

Еуропалық Одақ әуе компанияларына қазан айының соңына дейін Ливан мен Израильдің үстінен ұшпауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кnews.kg

ЕСКЕРТУ

«Израиль мен Ливанның әуе кеңістігінде барлық деңгейдегі әуе рейстерін орындамау ұсынылады. EASA жағдайды мұқият бақылауын одан әрі жалғастыра бермек», деді Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі.

Агенттік соңғы уақытта Израиль мен Ливандағы «Хезболла» қозғалысы арасындағы қақтығыстың өршуін атап өтті. Әуе компанияларына әуе қақтығыстары мен зымырандық шабуылдардың көбеюіне байланысты 31 қазанға дейін Ливан мен Израильдің әуе кеңістігін айналып өтуді ұсынды.

СОҢҒЫ ДЕРЕК

Израильдің Ливанға шабуылынан соңғы екі аптада 1030 адам қаза тапты

Ал оған дейін Израиль Ливан астанасы Бейруттің шетіндегі "Хезболла" ұйымының негізгі штаб-пәтеріне соққы бергенін хабарлағанбыз.

Израиль армиясы Хезболла жетекшісі Хасан Насралланың қаза тапқанын хабарлаған еді.

«Хезболла» өз жетекшісі Хасан Насралланың қаза тапқанын растады.