Путин Украинадағы екі заңның күшін жойғанын қалайды

Сырым Қаржас

Ресей Федерациясы АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамптың Украина басшысы Владимир Зеоенскиймен кездесуінен кейін жасаған мәлімдемелеріне пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Путин Трамп бейбітшілікке қарай «алға қадам» жасағысы келсе, Украинадағы екі заңның күшін жоюына ықпал еткенін қалап отыр.

“Кремль АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп, егер ол Ақ үйге оралса, бейбітшілікке «алға қадам» жасау үшін Украинадағы екі заңның «жоюына» қол жеткізгісі келеді. Бұл жерде біз тіл туралы заңдар мен Мәскеу патриархатына тыйым салу туралы заңнаманы айтып отырмыз” деді Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Би-би-си арқылы.

Бұл Ресей тарапының Трамптың Украина президенті Владимир Зеленскиймен Нью-Йоркте кездесуінен кейін Украинаға қатысты «әділ келісім» жасау қажеттігі туралы мәлімдемесіне үн қатуы болып отыр.

8 МЛРД ДОЛЛАР КӨМЕК

Украина президент осы апта бойы АҚШ-та болып, көптеген кездесу барысында еліне аса керек кезекті миллиардтарды алуға қол жеткізді, 

Зеленский сапарының алғашқы нақты нәтижесі Байденнің мәлімдемесі болды. Ол АҚШ Украинаға 8 млрд доллар сомасына әскери көмек берілетінін хабарлады. Бұл – Конгресс жыл басында мақұлдаған 61 млрд долларлық пакеттің бір бөлігі саналады.

Оның ішінде Украина Joint Standoff Weapon әуе бомбасын, Patriot әуе қорғанысына қарсы жүйесінің батареясын және қосымша зымырандар алмақ. Оның сыртында АҚШ Украина ұшқыштарының F-16 жойғыш ұшақтарын басқаруға үйрену бвағдарламасын кеңейтеді.

Кездесу кезінде Байден бұл шаралар Украинаның келешекте өтетін келіссөздердегі позициясын нықтай түсетінін айтып, Украинаның жеңісі үшін батыстың әскери қолдауды жалғастыруы мен НАТО-ға, ЕО-ға мүшелікке жақындай түсу арқылы ұзақ мерзімге қауіпсіздігін қаптамасыз ететін халықаралық қолдау керектігін атап өтті.