Батыс Қазақстан облысындағы көкпарда көрермендер зардап шекті

Сырым Қаржас

Батыс Қазақстан облысының Байтерек ауданында өткен көкпар кезінде көрермендер арасынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

Оқиға ауданның 85 жылдығын атап өтуге арналған мерейтой кезінде болған.

«28 қыркүйекте көкпар кезінде аттар турникеттерді құлатып, турникеттер артында тұрған бірнеше көрермен зардап шекті», деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Бұл күні Бәйтерек ауданы 85 жылдық мерейтойын атап өткен. Іс-шаралар бағдарламасында түрлі көрмелер, спорттық жарыстар, мерекелік іс-шаралар, сондай-ақ көкпар ұйымдастырылған.

Серке тартысына Батыс Қазақстан облысының ғана емес, Ақтөбе, Атырау облыстарынан да командалар келген.

Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайы туралы кейінірек айтуға уәде берді.