Ресейлік шенеунік Украинаны мысал ете отырып, Өзбекстанға доқ көрсетті

Ғалиасқар Думан

Ресей парламентіндегі палаталардың бірі - Федерация кеңесі халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Климов Өзбекстандағы орыс тілі сабағында болған оқиғаға қатысты "Ресейге байланысты кемсітетін көзқарасқа жол беруге болмайды" деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ирина Бужор, Коммерсантъ

АТЫ АТАЛМАҒАН ЕЛ

Бүгінде Орта Азия елдерін Ресеймен жанжалдастыруға мүдделі тарап көп деген ол нақты ешкімнің атын атамады.

«Өзін ұзақ уақыт бойы осыла ұстаған ел бар еді. Қазір оның жағдайы қиын» деген ол жергілікті БАҚ-тарға Украинаны меңзеп.

Ол халықаралық қатынастар мәселесі ерекше ыждаһатты тәсілді қажет ететінін, өткір мәлімдемелерге байқау керектігін айтқан.

ОРЫС ТІЛІНІҢ АЙНАЛАСЫНДАҒЫ ЖАНЖАЛ

Бұған дейін Ташкенттегі мектептердің бірінде орыс тілінің мұғалімі сабақ кезінде оқушыны бірнеше рет ұрған видео тараған. Жанжалға оқушының материалда орыс тілінде түсіндіруі себеп болған-мыс.

Осы оқиға байланысты Ресей СІМ-і өзбек тарапынан түсіндірме беруді сұраған. Бұған жауап ретінде өзбек парламентінің вице-спикері Әлішер Кодиров ведомство өзінің ішкі істермен айналысқаны дұрыс деп мәлімдеген. Оның сөзінше, оқиғаға байланысты қандай да бір шара өзбек заңдары негізінде қабылданады. Осыдан кейін Ресей СІМ -і елдегі Өзбекстан елшісіне ұсыным жіберген.

Өзбек тарапы баланы ұру төтенше жағдай болғанын, қазіргі кезде мұғалім қамауға алынғанын хабарлады. Алайда ол өзінің қызымен байланысты басқа жанжал бойынша қамалғаны хабарланды.

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС

Ресей Укрианаға басып кірер алдында ол жақта орыстілді азаматтар қысым көріп жатқанын жиі айтатын. Осыған ұқсас мәлімдемелерді Ресей шенділерді Қазақстанға қарата айтқан кездері де болған.

РЕСЕЙДЕН СЫРТ АЙНАЛУ

Ресей басқыншылығынан кейін көптеген батыс елдері Кремльді агрессор деп таниды. Санкция салып, Ресейдің энергетикалық ресурстарына тәуелділікті азайтуға тырысып келеді. Бұған дейін Норвегия билігі Финляндияның ізімен Ресеймен шекараға қоршау салу мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазған болатынбыз.