Ресей түрмелерінде 14 мыңнан астам бейбіт украиндық бар

Ілияс Бақыт

IGFM құқық қорғаушыларының мәліметінше, Украина азаматтарын ұстайтын арнайы мекемелер Ресейдің кем дегенде 10 аймағында бар. Ресей тұтқынынан оралғандар ол жақта физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

14 МЫҢНАН АСА АЗАМАТ БАР

Халықаралық адам құқықтарын қорғау қоғамының мәліметінше қазіргі уақытта Ресей түрмелерінде 14 мыңнан астам украин азаматы бар. Украина азаматтарын ұстайтын арнайы мекемелер, құқық қорғаушылардың айтуынша, Ресей Федерациясының кем дегенде 10 аймағында бар.

Украинаға орала алған тұтқындар түрмеде отырған кезде физикалық, психологиялық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтады.

"Мен тозақтан өттім. Еңбек лагерінде мені зорлап, азаптады", – деді алты айдан астам тұтқында болған Запорожье облысының тұрғыны Елена Ягупова.

55 000 АДАМ ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН 

Украина ІІМ басшысының орынбасары Леонид Тимченконың айтуынша, Ресейдің әскери әрекеттері салдарынан жоғалған украиндардың тізімінде қазіргі уақытта 55000 адам бар, олардың көпшілігі әскери қызметкерлер.

"Жоғалған адамдардың тұрған жері анықталған кезде, кейбір жағдайларда азамат, мысалы, тұтқында болады", – деді Тимченко.

Ара-тұра қаза тапқандардың арасынан бұрын жоғалып кеткен азаматтар табылып жатады.

Жоғалған азаматтар туралы мәліметтер енгізіле бастаған бірыңғай тізім Украинада 2023 жылдың мамырында іске қосылды. Содан кейін ел ІІМ-і 23 мың хабар-ошарсыз кеткендер туралы мәлімдеді. 2024 жылдың шілдесінде министрлік деректерді жаңартып, тізімге 42 мың украиндық енгізілгенін хабарлады.