Жапонияға жаңа премьер-министр сайланды

Айнель Аянова

Жапония парламенті елдің жаңа премьер-министрін сайлады. Үкімет басшысы болып 67 жастағы Либералды-демократияның басқарма төрағасы Сигэру Исиба сайланды, деп мәлімдейді Ulysmedia.kz жергілікті Kyodo сайтына сілтеме жасап.

Фото: Kim Kyung-Hoon / Pool/Anadolu via Getty Images

Ол бұл қызметте Фумио Кисидуды алмастырды.

ЖАҢА ПРЕМЬЕР КІМ

Ұзақ уақыт индувидуалист саналып келген Сигэру Исибаның алдында халықтың үкіметке жоғалған сенімін қайтару міндеті тұр. Енді ол өзінің министрлер кабинетін құруға тиіс. Исаба өткен аптада ЛДП басшысының сайлауында жеңіске жетті, бұл оны автоматты түрде премьер-министрге үміткер етті. Ол сейсенбіде Жапония императоры Нарухито бекітетін жаңа үкіметті құрады.

Оның кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы шешімі оппозициялық партия тарапынан қарсылыққа тап болды. Парламенттің төменгі палатасы 9 қазанда таратылып, ерте жалпы сайлауға жол ашады деп күтіледі. Сайлау 27 қазанға жоспарланған әрі үкіметтің жаңа құрамын қалыптастыру үшін шешуші рөлге ие болады.