Астанада көшеден 20 жастағы қыздың мәйіті табылды

Қалижан Бектемір

Астанадағы Бейімбет Майлин көшесінің бойында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Марқұмның денесін көшедегі адамдар көрген.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция 20 жастағы бойжеткеннің кім екенін анықтады, – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаменті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салсақ, жуырда Almaty Management University студентінің мәйіті табылған болатын. 

Бұған дейін сержант Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында суицид жасағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ 18 жастағы жігіт Алматыдағы Әуезов ауданындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен еді.

Таяуда Алматыда 12 жастағы жасөспірім қыз 13-қабаттан секіріп өзіне қол салған. Оның алдында екі оқушы қыз 8 қабаттан секіріп мерт болған еді. Жасөспірімдердің суицидін өзіне қол салуға итермелейтін қауіпті ойындармен байланыстырып жатқандар бар. Алайда бұл нұсқа ресми расталмады. Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасып жатыр.