2024 жылдың 20 қыркүйегінде ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратура мен полиция органдарының көмегімен жергілікті тұрғындар ұйымдастырған атыс қаруын өткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанның 3 азаматы ұсталып, олардан 5 атыс қаруы және әр түрлі калибрдегі 128 патрон алынды. 2 қарудың 2022 жылғы «Қаңтар» оқиғасы кезінде қару сататын дүкендерден ұрланғаны белгілі болды , делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.
Қылмыстық кодекстің 287-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамдардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылғанын бұған дейін де хабарлағанбыз.
Операция қайда өтті?
“Операциялар Астана мен Щучинск қалаларында 2024 жылдың шілде-тамыз айларында жүргізілді,” деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Жүргізілген тінту нәтижесінде Астанада қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған екі Калашников автоматы, сондай-ақ 43 оқ-дәрі тәркіленген. Щучинск қаласында құқық қорғау органдары 7 атыс қаруын, 4 тапанша мен 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрілерді тапқан. Тәркіленген барлық заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілген.