Астанада ТМҰ мүфтилер алқасының V мәжілісі өтіп жатыр

Әлихан Асқақ

Бүгін елордасы Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер алқасының V мәжілісі басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш, Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шейхул-Ислам Аллашүкір Паша-Заде, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, шейх Нуриддин Халикназар, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз қажы Закиров, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары Мирвохид Азимов, дін ғалымдары, имамдар, БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Мәжілісте «Ислам жергілікті халық дәстүрін қолдайды» құжаты мен «Фиқһ мектебінің пәтуа беруге қатысты» ережесі құжаты қабылданады.

Сонымен қатар, бүгін «Қожа Ахмет Ясауи және оның рухани мұрасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.