Қорғаныс министрлігі жастарды әскерге видеоүндеу арқылы шақырып жатыр

Қалижан Бектемір

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарды әскерге шақыруға үндейтін видео жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

ӘСКЕР – ӨМІР МЕКТЕБІ...

Әскер – өмір мектебі. Онда ер азаматтың қанаты қатайып, құрыштай шыңдалады. Олай болса, сен де қатарыңнан қалма! Нағыз ел қорғаны бол! – деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Бұған дейін Қазақстан 2025 жылы запастағы 900-ден аса офицерді әскер қатарына шақыратынын жазған болатынбыз.

КІМДЕР ШАҚЫРЫЛАДЫ  

Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Шақыру әлі қызмет өткермеген және медициналық комиссияның нәтижелері бойынша жарамды деп танылған запастағы офицерлерді қамтиды. Олар екі жылдық қызметтен өтеді әрі әртүрлі күш құрылымдарына барады.

БӨЛУ БАҒЫТТАРЫ  

Әскерге шақырылушылардың жалпы санынан 700 адамды Қарулы күштер қатарына жіберуді жоспарлап отыр, бұл ең үлкен үлесті құрайды. Екінші орында 131 офицер баратын Ұлттық ұлан тұр. Сондай-ақ, ҰҚК Шекара қызметіне 80 адам, ал Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдеріне 4 адам жіберіледі.

ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ  

Қорғаныс министрлігі қаулысының жобасы көпшіліктің талқылауына шығарылды. Әр азамат 16 қазанға дейін өз пікірі мен ескертуін жібере алады.

Бұған дейін Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушылар санын көбейтуге ниетті екенін хабарланған болатын.

Сондай-ақ, 2024 жылдың күзінде 20 мыңнан астам қазақстандық әскерге шақырылатыны белгілі.