Ливан, Иран және Израильдегі 228 Қазақстан азаматы референдумда дауыс бермейді – СІМ

Қалижан Бектемір

Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Нәдірқұлова Орталық референдум комиссиясының отырысында Ливан, Иран және Израильдегі 228 Қазақстан азаматы референдумда дауыс бермейтінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ АҚПАРАТЫ

Өздеріңіз білетіндей, соңғы бірнеше ай бойы Таяу Шығыстағы жағдай айтарлықтай шиеленісті. Осыған байланысты, Израиль, Иран және Ливандағы Қазақстан дипломаттары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Осыған байланысты, күрделі әскери-саяси жағдайға байланысты, сонымен қатар Қазақсан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Статисикаға жүгінсек, Израильде дауыс беру құқығы бар 53, Иранда 132, Ливанда 43 азамат, жалпы, 228 азамат дауыс беру құқығына ие болған, – деді ол.

СІМ ЕСКЕРТУІ

Сондай-ақ СІМ өкілі Израильде, Иранда және Ливанда тұратын азаматтарға аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтарды қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен аталған елдердегі елшіліктермен байланыста болу ескертілгенін айтты.

Бұған дейін Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелері жұмысын тоқтатқаны белгілі болған еді.

Еске салсақ, жағдай ушықса Қазақстан Таяу Шығыстқа репатрациялық рейс жіберетінін жазған болатынбыз.

ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНДЕ ЕСЕПТЕ ҚАНША ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТҰР

Смадияровтың айтуынша, Израильде консулдық есепте 122 адам, Иранда 102 адам, Ливанда 139 адам Қазақстан азаматы тұрады. Оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері бар. Көптеген азамат консулдық есепте тұрмайды. Осыған байлатысты байланыс орнату, Қазақстан азаматтарының тізімін дайындау біраз уақытты алғалы тұр.

– Осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстанның барлық азаматын барған елінде консулдық есепке тұруға шақырамыз” деді Айбек Смадияров.