Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиаданың ұраны жарияланды

Ulysmedia

2022 жылғы Бейжің Олимпиадасының ұйымдастырушылары ойынның басты ұранын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Olympic.kz мәліметінше, қысқы ойындар «Ортақ болашағымыз үшін біргеміз» деген ұранмен өтпекші. Ол ғаламдық коронавирус инфекциясына қатысты таңдалған. 

Ойынның ұраны 79 нұсқаның ішінен іріктелді. 

Қытай астанасы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада 2022 жылғы 4-20 ақпан аралығында өтеді.