Бүгін, 4 қазан, 1931 жылы Италияның Флоренциясында өткен халықаралық табиғатты қорғау кездесуі барысында бекітілген Халықаралық жануарларды қорғау күні атап өтіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл күн бізге жануарларды қорғаудың маңыздылығын және оларға қамқорлық жасаудың қажеттілігін ескертеді. Қазақстанда 835 түрдегі омыртқалы жануарлар мекендейді, олардың ішінде 178 сүтқоректі мен 489 құс бар. Алайда, өкінішке орай, 132 омыртқалы және 96 омыртқасыз түрлердің жойылу қаупі бар – дейді табиғат жанашырлары.
Жабайы жануарларды қорғау – мемлекеттік инспекторлар және құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылады, олар браконьерлікпен күресуге және біздің табиғатымыздың биологиялық әртүрлілігін сақтауға белсенді түрде жұмыс істейді.