Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара демаркациясы: құжаттардың жаңа жобалары бекітілді

Сырым Қаржас

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 2024 жылдың 30 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Мәскеуде өткен Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының 142-ші отырысының нәтижелерін жариялады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

ОКҚ

Кездесу барысында екі елдің өкілдері мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітті. Әртүрлі учаскелерде шекара сызығын белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Комиссия сонымен қатар биыл жүргізілген дала жұмыстарын қорытындылады. Министрлік өкілдерінің айтуынша, қол жеткізілген уағдаластықтар демаркация процесін жеделдетуге және Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара сызығының нақты заңдық ресімделуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерін демаркациялау бойынша қорытынды құжаттардың жобаларын бекітті, оның әртүрлі учаскелерінде мемлекеттік шекара сызығын белгілеуге байланысты мәселелер кешенін талқылады. Биыл дала жұмыстарының қорытындысын шығарды, — делінген ҚР СІМ баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде.

Комиссияның келесі отырысы 2024 жылдың қазан-қараша айларына жоспарланған әрі ол Қазақстан аумағында өтеді. Болашақ кездесулер шеңберінде тараптар шекара сызығын нақтылау және ресімдеу, сондай-ақ шекаралық белгілерді орнатуға және жекелеген учаскелердің мәртебесін айқындауға байланысты техникалық мәселелерді шешу бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті.

Қазақстан-Ресей шекарасын демаркациялау процесі бірнеше жыл бұрын басталып, кезең-кезеңімен жалғасып келеді.