Telegram жаппай кідіріс неден болғаны жөнінде түсініктеме берді

Сырым Қаржас

Telegram жақында мессенджер жаппай ақауға байланысты неге тоқтағанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

– Таяу Шығыста, атап айтқанда Израиль, Ливан және Ирандағы соңғы оқиғаларға байланысты Telegram бұрын-соңды болмаған жүктемелермен бетпе-бет келді. Соңғы бірнеше күнде кейбір пайдаланушылар уақытша байланыс мәселелеріне және медиаға қол жеткізу қиындықтарына тап болуы мүмкін,-делінген ресми Telegram арнасында.

Telegram өкілдері кешірім сұрап, қазір барлық мәселе толығымен жойылғанын хабарлады. 

Осы аптада Telegram жұмысында жаппай кідіріс болған еді. Пайдаланушылар чаттар мен арналарды жүктей алмай шағымданған.