Бетперде киген адам Африкадан келген балаларға көмек қолын созды

Сырым Қаржас

Instagram-да өзінің игі істерімен танымал болған "бетперде киген адам"Африкадағы балаларға көмектеспек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншот

Бұл жолы ол Африканың Сомали еліне сапар шегіп, күш-жігерін Қазақстаннан тыс жерлерге бағыттады. 

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода "бетперде киген адам" Барваако лагерінде жергілікті тұрғындармен видеоға түсті. Онда ол мешіт, мектеп және тұрғындарды таза сумен қамтамасыз ететін жаңа құдық салып берген. Кадрдан балалар мен ересектердің қуанғанын көруге болады.

Бетперде киген адам балалармен футбол ойнап, кітап сыйлаған. Қазақстаннан апарған шоколадты сыйға тартты.