Лондондықтар Таяу Шығыстағы Израиль геноцидіне қарсы шеруге шықты

Сырым Қаржас

Палестинаның он мыңдаған қолдаушысы бүгін, сенбі күні Лондонның орталық көшелерінде шеруге шығып, Израиль режимінің Газа және Ливандағы қылмыстарын айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

irna.ir

Осылайша, лондондықтар осы аталған аймақтардың халқымен бірге екенін білдірді.

Газаға қарсы соғыстың бір жылдығы қарсаңында Израильге қарсы ұрандар айтып өткен бұл наразылық шарасына қатысушылардың қатары көп болды. Олар Газа мен Ливанда соғысты тоқтатуды және тез арада бітімге келуді талап етті.

Палестина мен Ливан жалауларын көтерген түрлі ұлттар мен дін өкілдерінен құралған қатысушылар «Оккупацияны тоқтатыңдар!», «Палестинаны азат етіңдер!», «Ливанды шабуылдау тоқтатылсын!» деп ұрандады. Олар сондай-ақ әділеттілікке үндейтін, соғысты дереу тоқтатуға шақыратын белгілерді қолдарына ұстап жүрді.

Шерушілер алдымен Лондонның орталығындағы Рассел алаңына жиналып, Палестина мен Ливанның қорлық көрген халқымен ынтымақтастығын білдірді. Содан кейін Ұлыбритания Үкімет басшысының кеңсесіне аттанды.

Бұл Газадағы соғыс басталғаннан бері Ұлыбританиядағы палестиналық жақтастардың жиырмасыншы наразылығы.