КамАЗ-ға соғылған. Ақтөбеде скутер мінген екі жігіт қаза болды

Әлихан Асқақ

Ақтөбеде скутерге мінген 18 және 20 жастағы екі жігіт жүк көлігіне соқтығысып, қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Скутердің 18 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған КамАЗ-ға соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан скутер жүргізушісі мен 20 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция департаменті екі доңғалақты көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелері талаптарын сақтауға шақырады, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД.

Бұған дейін мопед қатысқан жол апаттарында 27 адам қаза тапқаны белгілі болған.

Тек тамыз айының өзінде алты мопед жүргізушісінің қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік. 

Ал қазан айының басында Тоқаев мопедтерге қатысты заңға қол қойған болатын.