Дала өрті. Қостанай облысында елдімекеннен 15 км жерде 5 мың гектар жер өртенді

Ғалиасқар Думан

Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылынан 15 шақырым жерде алдын ала болжам бойынша 5000 га алаңда құрғақ шөп өртенген. деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеодан скриншот

ӨРТ ҚАУПІ

ТЖМ мәліметінше, желдің екпіні 25 м/с дейін жетіп, өрттің таралу қакпін төндірген. Өрт ошақтарына құтқарушы топтары, оның ішінде өрт сөндіру авиациясы тартылып, жеке құрамнан 200-ге жуық адам, ТЖД, ЖАО 34 бірлік техникасы, тікұшақтар мен өрт пойызы жұмылдырылған

“7 рет жалпы көлемі 18 тонна су төгілді.ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша өрт орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов, ТЖ жою департаментінің бастығы Мақсат Дәулетьяров және Қостанай облысы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов жіберілді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдары мен өртті ауадан және жер үсті тәсілімен сөндіру бойынша қабылданған шаралардың арқасында өрт толығымен сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің нақты ауданы белгіленуде. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ” делінген министрлік хабарламасында.

ҚАРАҒАНДЫ МЕН ПАВЛОДАРДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Павлодар облысындағы өртті сөндіріп, Қарағанды облысындағы өртті ауыздықтаған.

МӘН-ЖАЙЫ

Министрлік мәліметінше, Павлодар облысының аумағындағы дала өрті сөндірілген. Жағдайдың тұрақталуына байланысты Баянауыл ауданы Желтау ауылының  эвакуацияланған 18 тұрғыны үйіне оралған.

Қарағанды облысының аумағындағы өрт оқшауланған, өрттің ауданы анықталуда.

“Қатты екпінді жел, рельефті таулы және батпақты жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты. Қазіргі уақытта Қарағанды облысының аумағындағы өрт ошақтары сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізу жұмыстары жалғастырылуда. Қарағанды облысының Айыр және Атантай елді мекендері ауданындағы өртті сөндіруге 2 жауынгерлік учаске анықталды. ҚР ТЖМ Командалық орталығы мен облыстардың ТЖД жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде” делінген министрлік хабарламасында.

ҚҰТҚАРУШЫ ҚАЗА ТАПТЫ

Қарағанды облысындағы дала өртінде бір құтқарушы қаза тауып, үш құтқарушы ауруханаға түскен болатын. Осыған байланысты ТЖМ мәлімдеме жасады.

2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртеніп, өрт сөндіре жұмсытары кезінде 14 ораншы қаза тапқан. Биыл мамырда өртке кінәлілер сотталған.

Семейдегі өрт орман шаруашылығы саласындағы біраз мәселенің бетін ашқан. Осы жағдайдан кейін үкімет орманшылардың жалақысын арттыруға уәде берген. Алайда айтылған сөз сол жерде қалған.