Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт болды

Қалижан Бектемір

Астананың Байқоңыр ауданы Ғабдуллин көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның мән-жайын хабарлады.

Өрт толығымен 22:49-де сөндірілген.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің ауданы анықталып жатыр.

Еске салсақ, Қостанай облысы Қамысты ауданы Арқа ауылынан 15 шақырым жерде алдын ала болжам бойынша 5000 га алаңда құрғақ шөп өртенген еді.

Сондай-ақ бір күнде Ақмола облысының 6 ауданында өрт шықты.