Қазақстанда мұнай өнімдері ірі контрабандасының жолы кесілді

Қалижан Бектемір

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері мұнай өнімдерінің ірі контрабандасының арнасын жойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

750 ТОННАДАН АСТАМ МҰНАЙ ӨНІМІ

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде шекарадан шығаруға арналған 10-нан астам вагон-цистерна табылды. Іргелес мемлекеттің аумағына жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 млн теңгеден асатын 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған. Олар тоқтатылып, тергеу жүргізу үшін тәркіленді.

ІІМ МӘЛІМДЕМЕСІ

Мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс. 

Еске салсақ, Қырғыз көліктері Қазақстаннан заңсыз жанармай әкетіп жатқанын жазған болатынбыз.

Сауд Арабиясының энергетика министрі, ханзада Абдельазиз бин Салман, OPEC+ елдері мұнай өндіруді шектеу туралы келісімді бұза берсе, мұнай бағасы барреліне 50 долларға дейін құлдырауы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтататыны да хабарлаған едік.